АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 19 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ҚАТАҢ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ (ҚАУЛЫ)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» № 57 қаулысы

2009 жылғы  18 қыркүйектегі №193-IY «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150 бабы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі  №480-V «Қазақстан Республикасының Құқықтық актілер туралы»  заңынның 65 бабы, 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 «Қазақстан Республикасы аумағында шектеу, сонымен бірге карантин шараларын енгізу туралы Ережені бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуын азайту және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 19 шілде сағат 00-ден бастап,  3 тамыз сағат 00-ге дейін қатаң шектеукарантиндік шаралары ұзартылсын.
  2. Атырау облысының аумағында:
  1. Қызметті жүзеге асыратын объектілер санитариялық-эпидемиологиялыққауіпсіздіктін күшейтілген талаптарын сақтауға міндетті.
  2. Кәсіпкерлік субъектілеріне сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түліктік емес өнімдердің сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыс жүргізілсін.
  3. Жұмыс жасап жатқан сауда объектілерінің меншік иелеріне міндеттеледі:
  1. Теңіз кен орынында бұрын енгізілген карантин режимі сақталады.
  2. Атырау облысы ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесіп қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халық жаппай ақпараттандырылсын.
  3. Атырау облысы Полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша тексеріс ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда, дереу тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.
  4. Штаб шектеу шараларының орындалуын бақылау және мониторинг жүргізуге жауапты. Қажет болған жағдайда қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныстар енгізе алады.
  5. Атырау облысы әкімі, қалалар мен аудандар әкімдері, Атырау облысының мемлекеттік органдары, құқық қорғау және арнаулы органдары:
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж. Б. Досымбаеваға жүктелсін.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2020 жылдың 19 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік   санитариялық  дәрігері      С. Байғабылов

Қосымша

Атырау облысының  Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 17 шілде№ 57қаулысы


Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

  1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 52-ГГВР «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы» қаулысы.
  2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №53-ПГВР «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы»

2020 жылғы 4 шілдедегі № 52 қаулысына «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019)  таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы» қаулысы.

  1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 10 шілдедегі №54-ПГВР «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы»  2020 жылғы 4 шілдедегі № 52 қаулысына «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019)  таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы» қаулысы.
Exit mobile version