АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 8 ЖАСАР ҚЫЗ, ЖҮКТІ ӘЙЕЛ МЕН СТУДЕНТ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Атырау облысында коронавирус  инфекциясының  тағы 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Өңірде  Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті.  14 жаңа  жағдайдың арасында  8 жасар  Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу  нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, науқастардың ішінде  индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар.

4 мамыр күні  Астраханнан келген 24 жасар студент те  аталмыш дертпен ауруханаға түскен.  Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан.

Қазіргі уақытта науқастардың  инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ал,  қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Exit mobile version