АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІР АПТАДА 334 КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Қатаңдатылған карантин басталғалы Атырау облысында санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топ рейтдік іс-шараларды күнделікті жүргізіп келеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

11-17 шілде аралығында Атырау қаласы мен жеті ауданда ұйымдастырылған рейд барысында бір аптада 334 карантин режимін бұзу анықталды.

Азық-түлік дүкені, кафелер мен  мейрамханалар тексеріліп, тұрғындардың санитарлық талаптарды орындамауына қатысты 46  факті  тіркелді. Сондай-ақ, үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 14 отбасы анықталды. Мониторингтік топ олардың барлығының дерлік Жылыой аудынында белгілі болғанын айтады.

Ең көп 187 факті жеке тұлғаның талаптарды сақтамауына байланысты анықталды. Дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсіуіне қатысты да біраз дерек бар.   

–         Тексеріс шаралары кезінде  өңірдегі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын сақтау және  дәріханаларда алыпсатарлыққа жол бермеу жөнінде де бірқатар жағдайлар тіркелді.  Нақтырақ айтқанда, Атырау облысында дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақталуын бақылау бойынша мобилді топ  50-ге жуық дәріхананы тексерді. Нәтижесінде  облыс дәріханаларында шекті бағадан асатын бағамен дәрі-дәрмектер сатылғаны анықталды. Анықталған жағдайлар бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады , – деді облыстың  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабулов

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button