Кеше Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Қамысқала ауылына қарасты «Айсақұдық» елді мекенінде дала өрті орын алды.
Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.
-Ерікті өрт сөндіру жасағы мен жергілікті тұрғындардың көмегімен өрт 16 маусым күні сағат 10:30-да толықтай жойылды. Жанған өрт аумағы шамамен 35-40 гектар, қашықтығы 15 шақырым жерді құрады. Сөндірілген учаскілер: «Тұяқ қызыл», «Есенқара қоңыры», «Хасен», «Қоңырбай», «Айсақұдық», «Отау», «Қаштай», «Досқали», – делінген хабарламада.
Дала өртін сөндіруге 25 адам оның ішінде 8 – ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 – жергілікті тұрғындар, 6 техника қатысты.