АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КИІК ҚУҒАН БРАКОНЬЕР ҰСТАЛДЫ

Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта мотокөлігімен киікті қуып құлатқаны анықталды.

Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚК 339 бабымен «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция Департаменті бастығы полиция полковнигі Камза Үмбетқалиев, Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады, деп атап өтті.

Exit mobile version