Осылайша өңірде короновирусты жұқтырғандар саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Штаб ақпараты бойынша, 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Нақтыласақ, 83 ер мен 7 әйел адам.
Бұдан бөлек, Атырау қаласында қауіпті індетті жұқтырған 2 адам анықталды. Олар тәуекел топта болған – 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам.
13 мамырдағы дерек бойынша Атырау облысында 432 адам індетті жұқтырып, оның ішінде 359 адам Теңіз кенішінен анықталды.