АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СПОРТТЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ САНЫ 5 БІРЛІККЕ ӨСКЕН

Өткен жылмен салыстырғанда  биыл өңірдегі спорттық ғимараттардың саны 5 бірлікке өсті. Қазіргі уақытта  1 107 нысан қолданыста, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы Қызылқоға ауданы мен Атырау қаласында футбол алаңы пайдалануға беріліп, Нұрсая ықшам ауданында жеке меншік «Тоныкөк» көп фунционалды спорт кешені ашылды.

Өңірдегі спорттық-материалдық базаның нығаюы  дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізуде. Мәселен, дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданатын атыраулықтардың   саны 509-ға артып, ағымдағы  жылдың 1-ші жартыжылдығында 216 000 адамды құрап отыр.

–         Қазіргі жағдайға байланысты көптеген спорттық шаралардың кейінге шегерілгені белгілі. Соған қарамастан, біздің спортшыларымыз «салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында, әрі ТЖ кезінде «Үйде Бол» челленджін қолдап, өз үйлерінде жасаған жаттығу жұмыстарымен бөлісуді қолға алған болатын.  Бүгінде жаттықтырушылар спортшылардың үй жағдайында жаттығуына арнайы бағдарлама жасап, жаңа онлайн режимде жұмыс жасауда. Одан бөлек, 50-ден астам спортшы тікелей эфирлерге шығып, онлайн сабақтар жүргізді, – дейді облыстық  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button