АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТЕҢІЗ КЕНІШІНЕ БАРЫП, ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Кеше Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішіне барып, аралап көріп, ондағы ахуалмен танысқан соң шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысында жағдай тұрақтанғанымен, Теңіз кенішіндегі ахуал әлі де алаңдатады» деп мәлімдеді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі жағдайды реттеу мәселесі талғыланған мәжілісте «Қазіргі кезде  «Теңіз» кенішінде орналасқан 25 жатақханада тұратын 42 мекеменің 709 жұмысшысынан COVID-19 инфекциясы анықталды. 20-мамырдағы мәлімет бойынша, 615 науқастың 594-і госпитализацияланған. Жағдай әлі де күрделі» деді аймақ басшысы.

whatsapp image 2020 05 21 at 11.40.34

Жиынды қорытындылған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз қалашығындағы облыстық штаб филиалы мен «Теңізшевройл» компаниясына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Теңіз кенішінде 18 наурыздан бастап аудан әкімшілігі жанынан құрылған штаб сондай-ақ 20 сәуірден бастап облыстық штабтың филиалы жұмыс істеуде. Бұдан өзге, күні кеше құрамына Атырау облысы әкімінің екі бірдей орынбасары, бірқатар облыстық департаменттер мен құқық қорғау органдарының басшылары, ТШО басшылығы және облыстың Бас дәрігері мен Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары кіретін арнайы жұмыс тобы Теңіз кенішіне барып, жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада Атырауға Премьер-Министр орынбасары Ералы  Тоғжанов шұғыл сапармен келіп, Теңіз кенішіндегі жағдайды тұрақтандыруға қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button