АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМДЕУ ОРЫНДАРЫНДА 115 ИВЛ АППАРАТ БАР

Қазіргі уақытта Атырау облысындағы емдеу орындарында 115 ​ ИВЛ аппарат бар. Алдағы ​ уақытта қажетті ИВЛ аппараттар саны демеушілік есебінен көбейеді ​ деп күтілуде», – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 ИВЛ аппаратпен жабдықталды. ​Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да ​ арнайы балаларға арналған ИВЛ аппараттармен қамтамасыз етіліп отыр.

«Бүгінгі күні Атырау қаласындағы аталмыш инфекциондық стационарда ​ 12 реанимациялық ​ кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық керует 12 ИВЛ аппаратпен жабдықталып отыр.

«Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12 ИВЛ аппарат Атыраудағы инфекциондық стационарға тиесілі. Яғни, ​ бұл аппараттар №2​ ​ ​ ​ Атырау облыстық ауруханасының ​ реанимациясында орнатылған», -деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Exit mobile version