АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

news full1594645058f681a176624ea4b360eb011df6369a8a
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Аймақтағы коронавирустық инфекция бойынша санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында келген бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың кеткенін Атырау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аймақтағы ахуалды тұрақтандыру үшін келген Сәдуақас Байғабылов тек қана екі аптаға уақытша тағайындалған болатын. Қазіргі таңда жұмыс жасау уақыты тамамдалып, орнын босатты» – дейді баспасөз қызметі.

Бүгінде,  Нұр-Сұлтан қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің бастығы – Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде жұмысын жалғастыруда.