АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРДЫ

by Depti
2 views

Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық орын саны 32 пайызға қысқарды.

​ ​ «Мұның себебі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен байланысты» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының​ баспасөз-қызметі.

​ ​ «12 тамыздағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10638 науқас тіркелген. Оның ішінде 7869 адам емделіп шықты. Бұл қатерлі вирустан жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайызды құрайды деген сөз.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Науқастар саны азаюы себепті карантиндік станционарлар жабылды. Алайда, эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себепті жан-жақты дайындықты күшейтіп, короновирустың «екінші толқынына» дайын болуымыз керек» дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Спикердің айтуынша, Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

«Десе де, алда күз, қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан, жұртшылықты денсаулыққа салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдаланып, қоғамдық ортада ара-қашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға кеңес беремін»,- дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com