АТЫРАУДА

АТЫРАУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 6,6 ТОННА СҰЙЫҚТЫҚ ТАСЫҒАН ЕКІ КӨЛІКТІ ҰСТАДЫ

Полиция қызметкерлері Мақат ауданы аумағынан шыға берісінде екі «Газель» автокөліктерін тоқтатып, тексеріс барысында, көлік үстіне тиеп алған жанар-жағармай сұйықтықтары, сонымен қатар, сол сұйықтықты соруға және айдауға арналған құрылғыларды анықтады.

-Тексеріс барысында, қос көлік жүргізушілері 1984ж.т. және 1992 ж.т. азаматтарда жалпы салмағы 6,6 тонна сұйықтыққа қатысты ешқандай құжаттар болмай шықты. Тәркіленген жанар-жағар майға сараптама тағайындалды,-деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 197 бабы – «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button