АТЫРАУДА

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАНЫ РАС ПА?

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкері 2020 жылдың 7 маусым күні  ЖРВИ белгілерінің болуына  байланысты медициналық көмекке жүгінген, одан зертханалық  сынамалар алынып, тексеру нәтижесінде Covid-19 індеті анықталды.

 Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

Қазақстан     Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің     қызметкерлерінің  50% (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер) қашықтықтан жұмыс жасайды.

Қаулыға сәйкес Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі   әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық – дезинфекциялық  режимді сақтай отырып, қашықтықтан жұмыстарын  жалғастыруда.

–         Әлеуметтік желілерде Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі карантинге жабылды деп таралып жатқан  ақпараттың жалған,-  деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Қазіргі уақытта науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Осы  жағдайға байланысты науқаспен  жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында  дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button