АТЫРАУ ЖАСЫЛ ҚАЛАҒА АЙНАЛМАҚ

by Depti
1 views

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың төрағалығымен қоршаған ортаға зиянды ластаушы заттар шығаратын ірі кәсіпорын басшыларының қатысуымен Атырау қаласын көгалдандыруға қатысты жиын өтті. 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаппай көгалдандыру туралы тапсырма бергеніне тоқталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов «Атырау облысы әкімдігі аталған тапсырманы іске асыру мақсатында Атырау қаласы мен оның айналасында ағаш отырғызу бойынша 10 жыл жүзеге асырылатын іргелі жоба дайындады. Ол көгалдандыруға арналған учаскелерді, жауапты орындаушыны және ағаш отырғызу кестесін айқындауды көздейді», -деді. 
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін белгілі бір инвестицияларды қажет етеді.  Осы орайда облыста ауаға негізгі қалдық шығарушылар —  мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарын тарту көзделіпті. Осыған байланысты, “ластаушы қалпына келтіреді” қағидасына сәйкес ТШО, НКОК, ЕМГ, АМӨЗ және басқа да негізгі кәсіпорындар ретінде анықталған. Аталған  кәсіпорындарға көгалдандыру және 3-5 жыл бойы алғашқы күтім жасау үшін учаскелер бекітілмек. Ол учаскелер қалаға немесе орман шаруашылығына беріледі. 


Жиынға қатысушылардың айтуынша, осы жылдың қазан-қараша айларында қаланың өзінде алғашқы ағаштар отырғызылады, ал келесі жылдан бастап Атыраудың айналасында “жасыл белдеу” құру жұмыстары басталады. Облыстың орман шаруашылығының облыста өсірілген және Атырау климатына бейімделген көшеттермен қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді. 
Жиынға қатысқан ТШО, NCOC, АНПЗ, EMG және өзге де компания өкілдері жобаға қатысатындарын растады. 1-2 аптадан кейін меморандумға қол қойылып, жұмыс басталады. 
«Бұл жобаны іске асыру жалпы аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартады, қала тұрғындары үшін жаңа демалатын және серуендейтін орындар пайда болады деп сенемін. Сондай-ақ көп ұзамай біз тек «Атырау» емес, «жасыл Атырау» деп айтатын күнге жетеміз деп ойлаймын!»,- depti облыс әкімінің орынбасары. 

Фото ашық дереккөзден алынды

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com