Ерлі зайыптылардың некесі 2010 жылы қиылған. Олардың кәмелетке толмаған бір баласы бар.
Махамбет аудандық сотының хабарлауынша, талап қоюшы отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
«Арыз өндіріске түскеннен кейін 5 күн ішінде, тараптар өзара татуласқандарын, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелер медиация тәртібімен реттелді», – деді Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.