АТЫРАУДА 18 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАҚШЫ БОЛҒАН 13 ЖАСАР ҚЫЗ ҮЙІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

by Depti
0 views

Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылқоға ауданының 2002 жылғы тұрғыны 2007 жылғы қызды келін қылып түсіргені туралы ақпарат әлеуметтік желіні шулатқан еді. “Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді”, – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаменінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция  қызметкерлері қыздың анасын шақыртып, жасөспірімді медициналық тексерістен өткізген. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, қыз баланың жыныстық қатынасқа түспегендігі анықталған. Полиция қызметкерлері осы іске қатысы барларға, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасағаны үшін ҚР ҚК 122-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, қызды үйіне қайтарды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com