АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 5 – 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕКТЕПТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚИДЫ

Атырауда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсаны қашықтан оқытылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

–         Шалғайдағы ауылдық мектептер мен кезекші сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша мектеп қабырғасында өткізілетін сабақтарға қатыса алады. Облыстың 5 ауданында, атап айтсақ Қызылқоға, Құрманғазы, Махамбет, Исатай және Индер аудандарында 26 шағын жинақты мектеп бар. Ондағы оқушылар саны – 1853. Балалар бір кабинетте 10-15 адамнан ауысым бойынша оқиды, оқушылар үзіліске әртүрлі уақытта шығады. Сондай-ақ, мектепке кірер алдында әр оқушының температурасы өлшенетін болады, – дейді Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Орынтай Биманова.

Айта кетейік, Атырау облысында жаңа оқу жылында 131 мыңнан астам оқушы білім алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button