Облыста 12 үшауысымды мектепте орын тапшылығы да жоғары.
Аталған мәселені шешу үшін 5 мектептің құрылысы жүруде. Сонымен қатар, 3 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы жасақталуда.
«Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан 424 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталады, ал Құлсары қаласынан 624 орындық №6 орта мектептің құрылысы былтыр жыл соңында басталды, келер жылы аяқтау жоспарда», – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындармен кездесуде.