АТЫРАУДА

Атырауда алғаш рет «WEST HUB» жобасы іске қосылды

«West Hub» – жобасы Атырау қаласы С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінде өткен жиында  Атырау облыстық білім беру басқармасы  және  АтМГУ, АМУ, Аpec petrotechnic сынды білім ошақтары бірлесіп төрт жақты келісімге қол қойып, жаңа жоба таныстырылды.

Жобаның мақсаты Атырау облысының (қала,ауыл) білім сапасын көтеріп, республикалық деңгейте таныту. Шет елдің үздік университеттерінен ұстаздарды шақыртып, танымын арттыратын білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру. «Цифрландырылған Қазақстан» жобасы аясында цифрлық жүйеге толықтай көшу.

whatsapp image 2020 02 05 at 16.50.30

«Жоба аясында мектеп, колледж, университет сапындағы білім алушылардың математика, физика, ағылшын, химия және т.б. пәндерді тереңдетіп тегін оқуына жол ашу. Осындай жобаның бірі 6 ақпан күні математика пәнінен foundation басталады.Яғни оқушылар математикадан тегін консультация алады» -депті АтМГУ ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы.

АтМГУ өткен жиында, жобаның нәтижелі болатынын сенім артқан Атырау облыстық білім беру  басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Төремұратова Жансұлу Меңешқызы: «Білім сапасын көтеруді жоспарлаған жоба аясында тек қана білім алушылардың емес, сонымен қатар ұстаздардың да білімін арттыру көзделіп отыр»- депті.

«West Hub» жобасының ережесіне сәйкес төрағаның өкілеттілігі бір жыл. Көпшіліктің ортақ келісімімен АтМГУ ректоры  Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы  алғашқы төрайым болып сайланды.

Қорыта айтқанда, Атыраудың үздік білім ошақтары күштерін біріктіріп, облысымыздың білім сапасын көтеруге жұмыстанады.

.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button