АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АМАНДОСОВ КӨШЕСІ 6 ЖОЛАҚҚА ДЕЙІН КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР (ВИДЕО)

Жалпы аумағы үш шақырымды құрайтын маңызы зор автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы  жылдың маусым айында басталған болатын. Айта кетейік, жол-құрылысы бірнеше участокке бөлінген. Мәселен, осыған дейін Еркінов-Бергалиев көшесі аралығындағы құрылыс аяқталса, енді жұмысшы топ  Амандосов-Бергалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жолдан бастап Темір жол көпірінен кейінгі 30 метрге дейінгі аралықты жөндеуге кірісті. 14 күн ішінде жұмысшы топ, ескі асфальт жабындысын алып, Еркінов көшесінен бастап темір жол көпіріне дейінгі жолдың енін 22 метрге ұлғайтты. Енді, жоба шеңберінде автокөлік жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң жақты бұрылыс пайда болады.

Осылайша ұзақ мерзімді қажет ететін ірі жоба әр жол-бөлігіне бөлініп, мұндағы жұмыстар ретімен жалғаса бермек.

Ескерте кетерлік жайт, жауын шашынды күндері жол салу жұмыстары тоқтатылды, қазір бұл аумақтағы жөндеу жұмыстары қайтадан қарқын алды. Енді, жол-құрылысы толықтай тамыз айының екінші он күндігінде аяқталады деп күтілуде

Жалпы Амандосов көшесін қайта жаңғырту барысында 5315 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы мен 6 аялдама павильоны қаралған.

Барлығы 177 жол белгісі мен 132 баған, 179 көше шамы орнатылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button