АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АРМЯН КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ: ҚАНДАЙ ТӨЛЕМ ТҮРЛЕРІН ЖАСАУ КЕРЕК?

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген сол жақ рульді армян машиналарын уақытша тіркеуге рұқсат берілуіне сай, бүгін, 1 маусымнан бастап, Атырау қаласында армян нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу басталды.
Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, таңертеңнен бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында нөмірлерді беру жұмыстары басталды.

Бұдан бұрын айтылғандай, Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді ғана уақытша есепке қоюға болады.
Көлік иелеріне тек үш төлем жасау керек:
– тіркеу үшін алым-695 теңге;
– техпаспорт үшін баж салығы-3 473 теңге;
– мемлекеттік баж салығы-7 778 теңге.
Осылайша, уақытша есепке алу үшін төлем сомасы тек 11 946 теңгені құрайды.
Көлік құралдарын тіркеу үшін:
– жеке басын куәландыратын құжат;
– мемлекеттік тіркеу үшін алымды және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер;
– КҚ және МТНБ есепке алу туралы армян куәлігі;
– оң рульден сол рульге қайта жасалған жағдайда көлік құралы конструкциясының (СБКТС) қауіпсіздігі туралы куәлік.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button