АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ҮСТІНЕН БІРДЕН ҮШ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара барысында, 27шілде күні Атырау қаласының Береке ықшам ауданында Атырау-Шымкент бағытына жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру кезінде, 36 жолаушысы бар автобус жүргізушісі карантиндік шектеулерге қарамастан, жолаушылар тасымалымен айналысқан.

Осы күні сағат 20.15. шамасында Атырау-Орал тас жолы бойында тағы бір автобус тоқтатылды. Ішінде 30 жолаушысы бар бұл автобуста Шымкент қаласына бағыт алғаны анықталды.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 Шілдені «Облыс аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту» туралы  №57 Қаулысына сәйкес, облыс аумағында, қалалар және ауылдық елді мекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылды.
Қаулыда көрсетілген карантиндік шектеулерді бұзған автобус жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 590 бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу», 572-бабы «Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұдан басқа, автобустардың біріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бойынша да хаттама рәсімделіп, айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға
облыс аумағында 2020 жылғы 19 шілде сағат 00-ден бастап, 3 тамыз сағат 00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шаралары енгізілгенін ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button