БЫЛТЫР 555 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Өткен жылы тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер саны – 555, оның ішінде ескерту – 395, сөгіс – 141, қатаң сөгіс – 19 болғаны анықталды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Курумбаеваның айтуынша, өткен жылы  Атырау облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 39 сұрақ қаралды.

Сонымен қатар, есептік кезеңде басқармаға 175 өтініш келіп түсіп, 69 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 232 мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылық анықталған.

Exit mobile version