Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері – инфекциялық стационардан емделіп шықты.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті. Ал, қауіпті індетті жұқтырғандар саны – 240.