АТЫРАУЛЫҚТАР ДӘРІХАНАДАҒЫ ДӘРІ БАҒАСЫНЫҢ СЕБЕПСІЗ ӨСІМІНЕ ШАҒЫМ ТҮСІРЕ АЛАДЫ

Атырау облысының әкімдігі «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігімен және Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мұндағы мақсат – дәрілердің бағасын бақылауда ұстап, әр адамға тиесілі көлемін ғана сату. Осы жұмыстар аясында «Вердант» деп аталатын косметологиялық кабинеттің заңсыздығын әшкереленді. Аталған кеңсе лицензиясыз, елімізде тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін сатып келген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Атыраулықтар дәріханадағы дәрі бағасының негізсіз көтерілуі бойынша 8 (7122) 35 42 10 байланыс нөміріне шағым түсіре алады.

Exit mobile version