24 тамыз күні сағат 17:10-да Бақсай кенті, Ақжайық көшесі 10/2 мекен-жайындағы үйдің жанып жатқаны туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 140 текше метр болатын уақытша тұрғын үйдің кіре беріс бөлмесіндегі диванның өртеніп жатқаны анықталды, – depti Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жану салдарынан газ және тоқ есептегіштерінің балқуы орын алып, өрт сағат 17:31-де ауыздықталдды. Оқиға орнына 2 техника бірлігі және жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.