АТЫРАУДА ЕКІ КҮНДІК ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

by Depti
0 views

Бүгін «Атырау облыстық қан орталығы» мекемесінде «Өзгеге өмір сыйла» атты екі күндік қан тапсыру акциясының алғашқы күні. Акцияның мақсаты – осындай шаралар арқылы ұжымдық белсенділікті арттыру және қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету.

Бұл акция бұған дейін 3 рет өткізілген болатын.

Донорлар тапсырған қан хирургиялық, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және ауыр жол апатына түскен жандарға шұғыл түрде құйылады.



Донорлық – өз қаныңды мұқтаж жанға сыйлау, оның өмірін құтқару. Кез келген адам қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі. Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да (әйелдерде – 110 г/л, еркектерде – 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Қан тапсырушының салмағы 55 кг-нан жоғары болуы тиіс.

“Өзгеге өмір сыйла!” қан тапсыру акциясының аясында өзімен бірге жеке куәлігін алып келген, 18 жасқа толған кез-келген дені сау азамат донор бола алады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com