АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ ӘДІСПЕН ҮЙЛЕРДІ ТОНАҒАН ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 14 маусымында ПД қызметкерлері Атырауда өткен  жылдың  желтоқсан айынан бастап бөтен мүлікті тонаған ұрыларды ұстады.

Атырау облысы ПД басшысы ХамзаҮмбетқалиев атап өткендей, пластикалық терезені қысып, ығыстыру әдісі арқылы үш адамнан құралған қылмыстық топ, жеке тұрғын-үйлерді тонаған.

Олардың дәл осындай 10 қылмысқа қатысы бар деген дерек тіркелуде.

Ұрылар  бір үйдің өзінен: аңшылық мылтық (оқтарымен), зергерлік бұйымдар, бриллиант қолсағатты қолды қылып, 1 млн 500 теңге нұқсан келтірген.

ПД басшысы тұрғындардың сақ болуын ескертіп, тұрғын-жайларына бейнебақылау камераларын, сигнализация, терезелеріне темір тор орнатып кодталған құлыптарды пайдаланғандары абзал екенін айтты.

Exit mobile version