АТЫРАУДА ИНФЕКЦИОНДЫҚ СТАЦИОНАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОНАҚ ҮЙЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова №2 Атырау облыстық ауруханасының (инфекциондық стационар) жұмысымен танысты. Оның сөзінше, медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі аймақ басшысының айрықша назарында. Дәргерлердің қауіпті вирустың таралмауы мен науқастарды емдеу жолындағы ерен еңбегін атап өткен ол арнайы алғысын білдірді. Қонақ үйлерді алу оңайға соқпаған. Көптеген кәсіпкерлер ат-тондарын ала қашқан. Соған қарамастан, облыс басшылығы бизнес өкілдерімен жүйелі келіссөздер жүргізу арқылы дәрігерлерге жағдай жасауға қол жеткізген.

Exit mobile version