АТЫРАУДА ІРІГАБАРИТТІ ЖҮК ҚАЛА КӨШЕЛЕРІМЕН ӨТЕДІ: ЖОЛ ЖАБЫЛЫП, ЖАРЫҚ СӨНЕДІ

14 маусым мен 18 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» ЖШС-гі  5 дана ірігабаритті технологиялық жабдықтарды «АтырауӨзен» портынан Қарабатан ауылының маңындағы газохимиялық зауытының құрылыс алаңына дейін тасымалдайды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

5 дана ірі габаритті жүк,  маусым айының 14, 21, 28 күндері және шілде айының  5,12,19 күндері тасымалданады. Жүк тиеген көліктің қала көшелерімен  жүру бағыты мынадай:  Балықшы ы/а Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшам ауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тас жолына бағыт алады.

Осыған орай, аталған көшелердегі кейбір бағдаршам немесе өзге де бағаналар жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін алынады. Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уакытша жабылып, ыссы су және жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады.

Айта кету керек, аталған көшелерде жарық тек қана 2 сағатқа сөнеді.

Exit mobile version