АТЫРАУДА КӘУӘП ЖЕТКІЗУШІ ТЖ РЕЖИМІН БҰЗҒАН

31 наурызда 21 сағат 30 минут шамасында «ЖК К.» қызметкері төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тексеріс кезінде санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар дұрыс қабылдамай, сағат 20:00 ден кейін кәуәп жеткізумен айналысқан.

«Сот қаулысымен құқық бұзушы  ҚР ӘҚБтК-нің 476- бабының 6 тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 26510 тенге айыппұл жазасы қолданылды», – дейді қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, бүгінгі күнге дейін өңірде 23 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған.

Exit mobile version