АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КАРАНТИН ШЕКТЕУІН БҰЗҒАН 127 АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау полицейлері 5-6 шілде күндері карантиндік шектеулерді орындамаудың 130-ға жуық дерегін анықтады.

Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жанында орналасқан «Жеміс-жидек сататын дүнгершек», осы ықшам аудандағы екі бірдей супермаркет, азық-түлік дүкені, самса сату орны, мейрамхана иелеріне қатысты іс-құжаттар жасақталды.

Сонымен қатар, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №52 -ПГВР қаулысының 5 тармағы «сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салыну» туралы шектеулерді бұзған 127 азамат анықталды.

Жинақталған құжаттар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button