Осындай бағамен Атырауда «Мұнайшы» спорт кешенінің маңында өткен жергілікті өнім өндірушілер мен көтерме саудамен айналысушы кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңкеде қала тұрғындарына 19 тонна өнім сатылды.
– «Барлығы 14 кәсіпкер келіп өз өнімдерін ұсынуда. Картоп 80, пияз 70, сәбізді 85 теңгеден саудалануда, қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде»-депті Қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Р. Давлетов.
«Сарайшық» базарының және сенбілік жәрмеңкенің жұмыс барысымен танысқан қала әкімі тұрғындардың сұранысын ескергерген.
– «Жәрмеңкені әр апта сайын ұйымдастыруды тапсырамын, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес азық-түлік нарығындағы бағаны реттеу бойынша барлық қажетті тетіктер бар, Ауылдық округтерде де тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы орталық базар бағасымен деңгейлес болуы керек», депті қала әкімі Қайрат Оразбаев