Атырау облысының бас санитарлық дәрігері болып Сәдуақас Байғабылов тағайындалды. Ол бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік дәрігер қызметін атқарған.
Байғабыловтың айтуынша, оны Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.
Сондай-ақ, санитар дәрігер облыс тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы айтты.
Қазіргі таңда Атырау облысы эпидемиологиялық жағдайы күрделі өңірлердің қатарында.