АТЫРАУДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Атырауда Нұрсая ықшам ауданынан 51 отбасыға пәтер кілттері табысталды.

Бұл туралы Атырау облыстық ТКШ баспасөз қызметі хабарлады.

Көпбалалы аналарға пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз берілуде.

Айта кетейік, жақында «Береке» ықшам ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 40-тан астам пәтер берілген болатын.

Exit mobile version