АТЫРАУДА

Атырауда колониядан 27 адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

УГ-157/9 (ерлер колониясы) мекемесінде 27 адам бостандыққа шықты.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, орташа қауіпсіздік мекемесінде өткізілген бір күн 1,5 күн, ал ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 2 күн болып есептеледі. Өзгерістен кейін сотталғандар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір 142 адам сотқа арыз жазды», – депті УГ-157/9 мекемесі басшысының орынбасары Жандос Жұмашев.

Бүгінде УГ-157/9-да  319 адам жазасын өтеп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button