АТЫРАУДА «КОРОНА-ТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ МҮМКІН

Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен онлайн-брифингте белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық ұйымдарда 41 жедел-жәрдем автокөлігі жұмыс істеуде. Бұл сан әлі де толықтырылып, коронавируспен күрес жүргізу бағытында бірқатар шаралар жүзеге асатын болады.

Айта кетейік, 30 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «корона-такси» қызметін жүзеге асыруды айтқан болатын. Бұл жедел жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдететін болады.

Exit mobile version