АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН 29 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар  саны  961 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 29 адам жазылып шыққан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 25 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, үш адам Атырау қаласының тұрғыны, тағы бір адам Жылой ауданының  тұрғыны.

-Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 961 адамға жетті.

Exit mobile version