АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 19-ШЫ АДАМ ТІРКЕЛДІ

Қауіпті инфекцияны жұқтырған Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ӨКҚ.

Науқас Қызылқоға ауданының тұрғынымен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Бұл коронавирус инфекциясы анықталған 28 жастағы Қызылқоға ауданы тұрғынынан облыстық ауруханада инфекция жұқтырған үшінші адам.

Қазіргі уақытта науқас инфекциялық карантинге жатқызылды.

Exit mobile version