АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

Әлемнің бірқатар елінде короновирус  пандемиясы  қайтадан күш алып жатыр.  Сол себепті  еліміздің әр өңірінде пандемияның «екінші толқынына» дайындық басталды. Атырау облысында коронавируспен күрестің екінші  кезеңіне арнайы штаб құрылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдуәлиевтың төрағалығымен өткен жиында облыстағы емдеу мекемелері басшыларынан штаб құрылып, нақты жоспарлар бекітілді. 
«Күн суытқан сайын вирустық жұқпалар өршиді. Сондықтан, короновирус жұқпасы тұмаумен бірге септесіп күшеюі мүмкін. Оның үстіне әлем елдерінде коронавирус жұқпасын жұқтырғандар саны көбейіп отыр. Жаман айтпай жақсы жоқ, қауіпті індет өрши қалған тұста жан-жақты дайын болуымыз керек. Сол себепті, дайындықты ширата түстік», – depti Асхан Байдуәлиев. 
Жиында жедел-жәрдем бекеттеріне  диспетчерлер санын көбейту, дәрі-дәрмек қорын нақтылау,  қорғаныш құралдары, ИВЛ аппараттарының жеткілікті болуын қадағалау,  тұрғындардың дәрігерлерге онлайн хабарласа алуын қолжетімді ету мәселесі қаралды.
 

Фото ашық дереккөзден алынды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button