Атырауда короновирусқа қарсы оқу-жаттығу шаралары өтті.

«Атырау әуежайында коронавирус анықталды» осындай сценариймен Атырау халықаралық әуежайында оқу-жаттығу шарасы өтті.

Осылайша, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Атырау халықаралық әуежайында инфекция ошағын оқшаулау және індетке қарсы алдын алу бойынша оқу-жаттығу шарасы өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты — облыс аумағына короновирустық инфекцияның тіркелген жағдайында арнайы қызмет құрылымдарының дайындығын қамтамасыз ету болды.

Exit mobile version