Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес көліктік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Е. бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, 2020 жылғы 15 наурызда алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде автокөлікті басқарған.
Сот жаза тағайындау кезінде азамат Е.-нің осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын ескерді, осылайша ол түзету жолына түспегенін және тиісті қорытынды жасамағанын көрсеткен.
Сот үкімімен Е.-ге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді.