Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 15 адам жазаланды

di3dqurxc2fbr5th170o xr85aj96kkrwn9dptjai
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

2020 жылдың басында  мас күйінде көлік жүргізгендер туралы заңға өзгерістер енген. Жыл басынан 15 адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл сан әлі де өсіп жатыр.

«Бұрын көлікті мас күйінде жүргізгендер 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Заңдағы соңғы өзгерістер бойынша 15 күнге қамалып, 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылады» – депті Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Комиршинов Манат Ғалымұлы.

Ескеріңіз, мас күйінде көлік жүргізсеңіз, 15 күнге қамалып, 7 жыл көлік жүргізе алмайсыз.