2020 жылдың басында мас күйінде көлік жүргізгендер туралы заңға өзгерістер енген. Жыл басынан 15 адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл сан әлі де өсіп жатыр.
«Бұрын көлікті мас күйінде жүргізгендер 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Заңдағы соңғы өзгерістер бойынша 15 күнге қамалып, 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылады» – депті Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Комиршинов Манат Ғалымұлы.
Ескеріңіз, мас күйінде көлік жүргізсеңіз, 15 күнге қамалып, 7 жыл көлік жүргізе алмайсыз.