Облыс әкімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімовті таныстырды.
Мүксімов Салауат 1980 жылы Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Өтеғалиұлы Крамбаев өз еркімен қызметінен босатылғанын айтты.