АТЫРАУДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛДЫ

0bd4d4628fc68e802d43d5491997128f 696x418 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауда бірінші топтағы мүгедек Кеңгес Қониев жүргізуші куәлігін алды.

24.kz сайтының мәлімдеуінше, ол 15 жылдан бері арбаға таңылған.

Оның қол қусырып отыра бермей, талап қылып әрекет етейін деген ойын қош көрген мамандар емтихан қабылдап, жүргізуші куәлігін берді. Бұған дейін параспортта үстел теннисін тез меңгерген жігіт енді автокөлікті басқаруға бел буыпты. 

«Теориялық тұрғыдан Кеңгес бұған дейін екі мәрте келіп, екеуінде де өте алмай қалған еді. Үшіншісінде белгіленген 40 сұрақтың 33-іне жауап беру арқылы емтиханнан өтіп отыр. Ал практикалық емтиханнан алғашқы мүмкіндіктің өзінде-ақ өтіп кетті», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.