АТЫРАУДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚХА қоғамдық келісім кеңес мүшелері мен «БЫЛИНА» этно-мәдени бірлестігі жалғыз басты қарияларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар 14 отбасыға азық-түлік таратып, әр отбасыға 20 000 теңге ақшалай көмек көрсетті.

КХА Қоғамдық келісім кеңес төрағасы Нұржан Ермухановтың айтуынша, бұл отбасылар қаладан шалғай жатқан Дамбы, Геолог, Химпоселок, Алмагүл, Балықшы, Авангард мөлтек аудандарында тұрады.

«Бүгінгі таңда әлем індеттен қорғанып жатыр. Осындай қиын-қыстау шақта бірлесіп, бір-бірімізге көмек бергеніміз дұрыс. Жанашырлық танытып, қолымыздан келгенше көмектесейік. Бүгін біз де халқыма болсын деген ниетпен өз ақшамызға қой сойып, етін тараттық, ақшалай көмек көрсеттік» – дейді «Былина» этно-мәдени бірлестігінің жетекшсі А.Кораблев.

Exit mobile version