АТЫРАУДА ПОТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ КӨЛІКТЕРДІ ЖАППАЙ ТОҚТАТТЫ

Атырау қаласында екінші күн қатарынан патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушілері мен жолаушыларына бетперделер таратты, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері   облыс орталығының жол бойларында  200 медициналық бетперделерді тегін тарату бойынша акция өткізді.

Патрульдік полицейлер карантин кезінде көліктерді жүргізушілерінің құжаттарын тексеру үшін емес, бетперделерді тарату  үшін тоқтатты.

Облыс полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша мұндай акцияның  өтуі бірінші рет емес,  төтенше жағдай режимі кезінде де   тәртіп сақшылары  көлік жүргізушілеріне бетперделер таратқан болатын.

27-28 мамыр күндері  полицейлер  тегін бетперделер тарату акциясын  қайталап, көлік жүргізушілеріне карантин  кезінде маска режимін сақтауды ескертті.

Exit mobile version