Қала әкімі Қайрат Оразбаев қоғамдық көліктердің мәселесін біртіндеп шешіп жатыр. Ол өзінің фэйзбук парақшасында осы туралы кеңінен тарқатып өтті.
«Кәзіргі уақытта кейбір мәселелер шешілді, соның ішінде;
1. Кеңөзек – № 51 маршрут, автобустар саны 2-ден 6 бірлікке дейін өсті, нақты уақыт аралығы 20 минутты құрайды. Наурыз айының соңына дейін 10 бірлікке дейін көбейеді,
2. Дамба, Атырау ауылдық округі – №50 маршрут Авангардқа дейін, № 57 маршрут Дамбаға дейін ұзартылды және автобустар саны 11 бірлікке көбейтілді, автобустардың жүру аралығы 15 минут,
3. Ақсай, Қайыршақты ауылдық округі – № 53 маршрут, автобустар саны 5 бірлікке дейін өсті, олардың ішінде тек Бесікті ауылына 3 рейсі жүреді. Автобустардың саны 10 сәуірден бастап артады,
4. Еркінқала – № 52 маршрут, автобустар саны 5 бірлікке дейін өсті, аралық 25 минутқа дейін қысқарды,
5. Тұрғындардың өтініші бойынша № 57 және 50 маршруттарының жүру бағыты өзгерді. Алдағы уақытта сатып алынған 170 автобустың 58 данасы келеді. Автобустар сұйылтылған метанмен жүреді, жанар-жағар май станциясының құрылысына жер бөлінген, ал жанармай құю стансасының жабдықтары Атырау қаласында» – depti қала әкімі.