АТЫРАУДА ҚОЙМА ӨРТЕНІП, АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Тілсіз жау 26 наурызға қараған түні орын алған.

«Жалпы ауданы 125 м2 болатын Ет комбинатында орналасқан қойманың төбе жабындысы толықтай жанған. Өрт салдарынан 200-ден астам есік бүлінді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 қызметкер мен 3 өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт кезінде 1955 жылғы тұрғынның беті және қолынан 2-3 дәрежелі күйік алды. Қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Exit mobile version